Қазақстан коронавирустан «сары» аймақта тұр
2021 жылғы 11 қазан 11:20

Қазақстан коронавирустан «сары» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус індеті бойынша қай өңірлер «қызыл» аймақта екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық ахуалды бағалауды болжам мен матрица негізінде жүргізеді. Осы орайда шектеу іс-шаралар күшейту мен жеңілдету бойынша шешім қабылданады», - деді А. Цой.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанның өзі және еліміздің 6 өңірі (Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан) «сары» аймақта тұр.

«Жасыл» аймақта да 6 өңір (Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары) қамтылған.

Ал «қызыл» аймақта 5 өңір (Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары) орналасқан.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT