+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина сатып алу үшін қашан қаражат бөледі

2020 жылғы 28 қазан 14:56
Бөлісіңіз:
Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина сатып алу үшін қашан қаражат бөледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирусқа қарсы вакцина сатып алу үшін қаржы қаражатын бөлу мәселесі болжамды өндіруші анықталғаннан кейін пысықталады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Ақ жол» партиясы президенттік жүйеден парламенттік республикаға көшуді ұсынды Алдағы сайлауда партиялар емес қазақ тілі жеңіске жетуі тиіс - Дәурен Қуат Үкімет «Nur Otan» фракциясы алдында сайлауалды бағдарламаның орындалуы туралы есеп берді

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу және клиникалық сынақтан өткізу бойынша әлемдік мәліметтерді зерделеу, аталған инфекцияға қарсы вакцинациялауға жататын топты айқындау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бүкіл әлем зерттеушілері коронавирусқа қарсы 190-нан астам вакцина әзірлеу үстінде. Мемлекет басшысының тапсырмасымен үкіметтік делегация Ресей Федерациясына барып, вакцина жеткізу мәселесін талқылады. Қазақстан жаһандық вакцина және иммунизация жөніндегі альянс (GAVI) құрған «COVAX Facility» бағдарламасына қызығушылық танытып, ұсыныс жіберді» - деп атап өтеді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық вакцинаны ресми түрде клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берді. Қазіргі уақытта отандық вакцинаны клиникалық сынақтан өткізудің ІІ фазасы басталды.

»КВИ-ге қарсы вакцина сатып алу үшін қаржы қаражатын бөлу мәселесі болжамды өндіруші, иммундау еселігі (өндірушілерде бір реттік, екі реттік немесе үш реттік иммундау сызбасы бар) ескеріле отырып вакцина көлемі, вакцина дозасының құны айқындалғаннан кейін пысықталады«, - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT