Jańalyqtar
Қазақстан коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып ала ма
2020 жылғы 12 тамыз 15:49
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып алу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысына коронавирусқа қарсы 1300 вакцина әкелінеді
Вакцинация індетке қарсы күресте қалай көмектеседі
Коронавирусқа қарсы вакцина Қазақстанның Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізіледі
«Вакцина сатып алу жайында айтуға әлі ерте. Қазіргі сәтте біз вакцина сатып алу бойыша бірде-бір келісімшартқа қол қойған жоқпыз. Себебі препараттар клиникалық сынақтың үшінші фазасынан өтіп жатыр», - деді ресми өкіл.
Оның атап өтуінше, вакцинаны сатып алу үшін ол халықаралық сертифтикаттаудан өтуі тиіс.
«Сондықтан да бұл мәселеге қатысты ешқандай шешім жоқ», - деді Бағат Қожахметов.
Еске салсақ, бұған дейін Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны әлемде алғашқы болып тіркегені туралы хабарладық. Тамыз айының екінші жартысында Үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады. Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Атырау облысында бір тәулікте 111 адам коронавирусқа шалдықты
- Алматыда телемедицина орталығы коронавирус жұқтырған науқастарға тәулік бойы көмек көрсетеді
- Коронавирус: Нұр-Сұлтанмен қатар 6 облыс әлі де «қызыл» аймақта тұр
- Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 50 адамның жағдайы өте ауыр
-
Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
-
1076 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER