+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Қазақстан коронавирусқа қарсы Қытай вакцинасын сатып ала ма: Министрлік жауабы

2021 жылғы 27 қаңтар 21:42
Бөлісіңіз:
Қазақстан коронавирусқа қарсы Қытай вакцинасын сатып ала ма: Министрлік жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Қазақстан Үкіметі коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізу үшін қытайлық препарат сатып алатыны туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды 742 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты Қазақстанда өткен тәулікте 832 адамнан коронавирус анықталды

«Қазақстан Үкіметі коронавирус инфекциясына қарсы ешқандай да қытай вакцинасын сатып алмады және жоспарлап та отырған жоқ. Құрметті азаматтар! Сіздерден әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттарға ермеуді және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді өтінемін. Естеріңізге сала кетейік, қасақана жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», - деді Ержан Байтанаев.

Оның атап өтуінше, Қазақстанда 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ға қарсы вакцинация басталады. Одан әрі вакциналау процесіне Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қосылады. 2021 жылдың 2-тоқсанынан бастап вакциналау процесіне отандық - QazCovid-In препаратын қосу жоспарланып отыр. Бұл вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтың 3-кезеңінен өтуде.

Гам-КОВИД-Вак вакцинасы Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуден өткен және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылып келеді. Ресей Федерациясының Тікелей инвестициялар қорының мәліметтері бойынша, бұл вакцинаны сатып алуға 50-ге жуық мемлекет өтініш берген.

«Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу кезінде дәрілік заттың сапасын растайтын өндірушінің қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бар құжатының электрондық көшірмесі болуы қажет (талдау сертификаттары немесе сынақ есебі немесе сапаны бағалау көрсеткіштері бар сапа паспорты). Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 қаулысымен Қазақстан Республикасында өндірілген COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу ережелері бекітілді»,- деді комитеттің ресми өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT