Қазақстан коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан өңірлерінде коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 маусымдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары енген.

Айта кетейік, 26 маусымда «қызыл» аймаққа 4 өңір: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары қосылып, «қызыл» статустағы өңірлер саны 5-ке жеткен болатын.



Соңғы жаңалықтар