Қазақстан қор биржасының индексі 2 жылда 2,5 есе артты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасының индексі  2016 жылдан бері 2,5 есе артты. Мұндай мәліметті Қазақстан қаржыгерлер конгресінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы 3 жылда биржаның акциялар нарығы мен қарыздық құнды қағаздар нарығын капиталдандыру 16 пайызға өсіп, 25 трлн теңгеге жетті.

«Ұлттық банк бұл орайда реттеу құралдарын барынша либерализациялады. Жыл басынан бері Орталық депозитарий мен Құнды қағаздарды бірыңғай тіркеу орны біріктіріледі. Бұл ұйым елдегі ең бірегей ұйымға айналады. Оған әлемде балама жоқ десе де болады», - деді бас банкир.

Оның айтуынша, қазір эмитенттерге қатысты бақылау функциялары қысқарды. Құнды қағаздарды шығару мен орналастыру бойынша рұқсат процедуралары қысқартылды.

Осыған қарамастан аталған салада әлі де жетілдіруді талап ететін түйткілдер баршылық.

Ең алдымен биржаны бизнесті қорландырудың нақты құралына айналдыру мәселесі тұр.

«Біз ертең болатын биржа форумында осы бағыттағы күрделі мәселелерді анықтап шешу жолдарын қарастырмақпыз», - деді ҚР Ұлттық банкінің басшысы.

Айта кету керек, бүгін Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресі басталды. Маңызды жиын төл теңгеміздің дүниеге келгеніне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр

 

Соңғы жаңалықтар