Қазақстан көпжақты ынтымақтастықты дамыту қағидаттарына адал – БҰҰ Женева бөлімшесінің басшысы
2022 жылғы 1 шілде 14:41

Қазақстан көпжақты ынтымақтастықты дамыту қағидаттарына адал – БҰҰ Женева бөлімшесінің басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біріккен Ұлттар Ұйымы Женева бөлімшесінің бас директоры Татьяна Валовая Қазақстан дипломатиясының Қазақстан дипломатиясының 30 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының барлық дипломатиялық корпусын осы айтулы мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан бейбітшіл, тұрақты және дәйекті дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі беделін нығайтты, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ынтымақтастыққа берік ұстанымын растады. Қазақстанның қарусыздану және ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық күн тәртібіне қосқан үлесін ерекше атап өткім келеді», - деді ол «Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі Қазақстан Республикасы» атты халықаралық конференция барысында.

Сонымен қатар бөлімше бас директоры Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты дайындауда маңызды рөл атқарғанын, 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы бастама көтергенін атап өтті.

«Көптеген жыл бұрын дәл осы күні Семей ядролық полигоны ресми түрде жабылған болатын. Қазақстан азаматтары ядролық сынақтардың денсаулық пен қоршаған ортаға тигізетін зиянын жақсы біледі. Әлемдегі барлық ядролық қару сынақтарының төрттен бірі Семей полигонында жүргізілді. Бір миллионнан астам қазақстандық зардап шегуші деп танылды. Бірнеше жыл өткеннен кейін Қазақстан Орталық Азияда ядролық сынақтан азат аймақ құру туралы маңызды бастама көтерді. Орталық Азиядағы ядролық қарусыз аймақ туралы келісімге 2006 жылдың 8 қыркүйегінде бұрынғы Семей полигоны аумағында қол қойылғанының нышандық мәні бар. Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған сәтінен бері көпжақты ынтымақтастықты дамыту қағидаттарына адал болып келеді», - деді Татьяна Валовая.





Фото: eurasiancommission.org


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT