Қазақстан көптеген келелі мәселелер талқыланатын алаң ретінде адамзат қауымының толғақты мәселелерін шешуге өз үлесін қосуда - Клеменс Граф

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан көптеген келелі мәселелер талқыланатын алаң ретінде адамзат қауымының толғақты мәселелерін шешуге өз үлесін қосуда. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында VIII Астана экономикалық форумына қатысушылардың бірі, Goldman Sachs компаниясының Ресей және ТМД бойынша бас экономисі, Жаңа нарықтар бойынша зерттеулердің жетекшісі Клеменс Граф айтты.

«Қазақстанға ең алғаш өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында келген болатынмын. Мұнан кейін де талай келудің сәті түсті. Астана экономикалық форумына да жүйелі түрде қатысып келемін. Бүгін форумнан алған әсерлерім көп. Мен мұнда «Жаһандық экономикадағы экономикалық, қаржылық және монетарлық өзгерістер» атты сессияға қатыстым. Жаңа ғана оның өңірлік макроэкономикалық үдерістердің Орталық Азия мен көрші елдерге ықпалы тақырыбына арналған басқосуында болдым. Мұнда сөз алып, өз ой-пікірлерімді ортаға салдым. Шынын айтқанда, қазір әлемде қаржы жағдайы жақсы емес. Көптеген елдердің еңсесін борыш дағдарысы басып тұр. Ал, Қазақстан болса жылдан-жылға нығайып келеді. Оның үстіне халықаралық үлкен форумдар өтетін, көптеген келелі мәселелер талқыланатын алаң ретінде адамзат қауымының толғақты мәселелерін шешуге өз үлесін қосуда. Бұл өте жақсы, бағалауға лайықты құбылыс. Осының барлығы Қазақстанда мемлекеттік саясаттың кемелденгендігінің бір көрінісі. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 қадамнан тұратын бес реформасымен таныстым. Одан жақсы әсер алдым. Осындай нақты қадамдар қай елге болса да артықтық етпейді. Ал, өз тәуелсіздігіне ие болғандарына көп бола қоймаған елдер үшін тіптен де қажетті шара. Одан әрбір ел үлгі алуы тиіс деп ойлаймын», - дейді шетелдік сарапшы.

Соңғы жаңалықтар