Қазақстан көптеген бастамаларымен өзге елдерге үлгі – спортшы Владимир Кресс

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазхром» ТҰК» АҚ-ға қарасты «Ақсу феррокорытпалар зауыты» АҚ-ның спорттық-тынығу кешені бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Владимир Кресс 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл - өте жақсы әрі қажетті мереке. Бізде мұндай мерекенің болғанына қуаныштым. Адамдар мерекеге белсене қатысып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үндеп жатады. Бұл тамаша әрі позитивті бағыт. Сондықтан бұл барлығына да керек. Әр адам барлық уақытта жақындарына көмек көрсетіп, бұл іске жан-тәнімен араласуы тиіс деп есептеймін. Қазақстан көптеген бастамалары арқылы әлемнің өзге де елдеріне үлгі болып отыр. Елімізге өркендеу мен бейбіт өмір тілеймін», - деді ол агенттік тілшісіне берген сұхбаты барысында.

Осы ретте ол Алғыс айту күніне ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық жасағандығын баса айтты.

«Қазақстан үшін Елбасы өте көп іс атқарды. Құдай қаласа, әлі де атқара береді. Біз Тұңғыш Президентіміздің саясатына қолдау білдіреміз. Бәрі де жақсы болады деп ойлаймын. Спортшы ретінде елімізде бұқаралық спортты дамытуға зор басымдық беріліп отырғандығын айтқым келеді. Бұл бағытта түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып, балалар спортқа белсенді түрде тартылып жатыр. Келешекте сол балалар Қазақстанда ғана емес, халықаралық аренадада еліміздің атын шығарады деп ойлаймын», - деді Владимир Кресс.


Фото: kasipodaq.kz
Соңғы жаңалықтар