Қазақстан консулы Батумиде қонақ үйден шығарылған қазақстандықтар мәселесін бақылауға алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Грузияның Батуми қаласындағы қымбат қонақ үйден шығарылған қазақстандықтар жөнінде пікір білдірді.

Бұған дейін Грузияның Батуми қаласындағы қымбат қонақ үйден шұғыл түрде шығарылған туристер қатарында қазақстандықтардың да бар екені хабарланған болатын.

Отельде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағандықтан, сот қаулысына байланысты 300-ге тарта демалушы төленіп қойған нөмірлерін тастап шығуға мәжбүр болған.

«Батумидегі қонақ үйден бір топ туристің шығарылғанынан хабардармыз. Алдын ала болжам бойынша, бұл қонақ үйдегі туристер өзге қонақ үйлерге жайғастырылған, ал кейбіріне ақшалай қаражат қайтарылған», - деп жауап берді ҚР СІМ баспасөз қызметі агенттік сауалына.

Миинстрлік аталған мәселе бойынша Қазақстанның Грузиядағы Елшілігіне ешбір қазақстандықтың шағымданбағанын жеткізді. Қазақстан консулы мәселені өз бақылауына алды.

Соңғы жаңалықтар