Қазақстан конституциялық реформа арқасында жаңа кезеңге аяқ басады - түрік саясаттанушысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституция арқылы өзіне тиесілі кең өкілеттікті шектеп, халықтың игілігі үшін мемлекетті одан ары ілгерілететін реформаны күтпеген жерден бастауы дүниежүзі елдерін таңғалдырды.

Бұл туралы саясаттанушы ғалымы Нұрсұлтан Четин атап өтті.

«Нұрсұлтан Әбішұлының онсыз да өмірі бойы туған елі - Қазақстанды ойлап, атқарған жұмыстары орасан зор. Кеңес одағынан қалған ядролық қарулардан бас тартуы тек қана өз елі үшін емес, бүкіл адамзат пен әлемдік бейбіт өмір үшін өте маңызды. 

Халықаралық тізесі шыққан мәселелердің шешілуінде мемлекеттер тарапынан айтылған жылы лебіздерге үнемі арқау болып отыратын даналығы, дана саясаткерлігі бітімгерліктің өзегіне айналып үлгерді. Соңғы кезде Түркия мен Ресей арасындағы дағдарыстың шешілуі және миллиондаған елдің көз жасын, қан төгісті тоқтату мақсатында Сирия мәселелерінің талқыға салып, Астана процесін жүргізуі сөзімізге дәйек.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы іске асқалы отырған Конституциялық реформаға жаңа бағыт сілтейтіндігі, қоғамның дамуына оңды ықпал ететіндігіне сөз жоқ. Жолдауда көтерілген басымдықтар дамудың негізгі динамикаларына айналатындығына және ұлттық экономиканың күшеюіне ықпал ететіндігіне сенімдімін.

Қазақстан конституциялық реформа мен Жолдаудың арқасында жаңа кезеңге аяқ басып, әлемдегі өзгерістерге бейімделеді және дамыған елдердің қатарына қосылудың алғышарттарын жасау арқылы батыл қадамдар жасайды. 

Елдің тұрақты дамуына, әлемдік бейбітшілікке қосқаны үлесі үшін қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлына Нобель сыйлығын беру қажет», - деп мәлім етті саясаттанушы.

Соңғы жаңалықтар