Қазақстан Коммунистік партиясы: Алдағы сайлау – бізге мүмкіндік беретін кезең

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Президетттің сайлау туралы Жарлығына сәйкес мәлімдеме жасады. ҚазАқпарат мәлімдеменің толық мәтінін жариялайды.

***

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

мәлімдемесі

«Ел Президентінің Конституцияда белгіленген мерзімде сайлау өткізу жөніндегі Жарлығы біз күткен қадам еді және белсенді саяси үдеріске арналған жоспарымызды растай түсті. Бізде тең құқықты күреске қажетті ресурстардың бәрі бар және біз сайлау науқанына жетістікке қол жеткіземіз деген сеніммен кірісуге дайынбыз.

Бұл қазақстандықтардың социализм идеяларына, тең құқыққа және игілікті әділ бөлуге деген сенімінің нақты көрсеткіші.

Біздің әлеуметтік әділдікке қол жеткізу жөніндегі мызғымас қағидаттарымыз әлемдік дағдарыс кезеңінде экономика мен әлеуметтік саланың орнықтылығын сақтап, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз етеді.

Алдағы сайлау – бізге биліктің өкілді органдарына қатысуын ұлғайтуға және өміршеңдігін растауға мүмкіндік беретін кезең.

Партиялық тізім бойынша мәслихаттарға сайлау өткізу партия жақтастарының мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту үшін жаңа мүмкіндікке жол ашады.

Біз өңірлердегі проблемаларды жақсы білеміз, олардың дамуы бойынша нақты пайымдауымыз бар және әрбір адаммен тыңғылықты жұмыс істейміз.

Біздің идея – елді нығайту, әділеттілік, бірлік, барлық азаматтардың келісімі мен тең құқы, әрбір адамның лайықты өмір сүруі.

Біз тиімді сайлау өткізуге сенімдіміз және жұмысымызға қолдау көрсету үшін Қазақстанның гүлденуін қалайтын барлық патриоттарды белсенді қатыстыра отырып, сындарлы және ашық сайлау науқанын ұйымдастыруға ниеттіміз.
Соңғы жаңалықтар