+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстан көмірін экспортқа шығару үшін не істеу керек – сарапшы

2021 жылғы 20 қазан 15:09
Бөлісіңіз:
Қазақстан көмірін экспортқа шығару үшін не істеу керек – сарапшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан көмірін экспортқа шығару үшін темір жол секторында бәсекелестік жасау керек. Бұл туралы Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда ірі және ұсақ малды, картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салынды Индустрия министрлігі Шұбаркөл көмірінің Қырғызстанға экспорты туралы түсінік берді Шикізаттық емес тауар экспорты 14 млрд долларды құрады - Сұлтанов

«Ең бастысы темір жол секторында бәсекелестік жасау қажет. Өйткені, Қазақстан темір жолы - бұл тек үлкен компания ғана және барлық уақытта біздің жаңа әдістерімізде игере алмай жатады. Айталық, қазір бізде Еуропадағы жеткізушімен келісімшарт бар, ал бір айдан кейін басқа өңірден жеткізуші шықты делік. Ал ҚТЖ бізге жоспарлары бар екендігін, жеткізе алмайтындығын айтады. Қазақстанға бәсекелестік жасай алатын әрі тасымалдау бағасын төмендетуге қауқарлы ұтқыр жекеменшік тасымалдаушы қажет. Бұған қоса, жүктерімізді Ресей арқылы Еуропаға тасымалдай алу үшін «жасыл» дәліз керек. Және де бізге Ресей порттарында логистикалық ғимараттар салуға рұқсат міндетті түрде болуы тиіс», - деді ол елордада өтіп жатқан Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургиялық конгресі аясында ұйымдастырылған брифингте.

Оның түсіндіруінше, өйткені, Қазақстанның теңізге шығар жолы жоқ. Ал жүк тасымалында порттарда еліміздің логистикалық ғимараттарының болуы өте маңызды.

«Бізге Ресей арқылы көмір тасуға арналған бүгін бар да, ертең жоқ квота керек емес. Сұраныстағы қандай көлемдегі көмірді жеткізе алатындығымызға қатысты нық сенімділік қажет. Көмірімізді тек Еуропаға ғана жеткізгіміз келмейді. Украинадан да сұраныс жоғары. Қытай арқылы Азияға да шығарғымыз келеді», - деді Николай Радостовец.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT