Валюта бағамдары:
    usd/kzt 467.99 eur/kzt 488.82

    rub/kzt 7.7 cny/kzt 65.06
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

Қазақстан көмірі Еуропаға экспортталып жатыр

2022 жылғы 29 қыркүйек, 12:01

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан көмірі Ресей арқылы Еуропаға жеткізіліп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада Мәскеуде болып, ресейлік әріптестеріммен кездестім. Қазақстан көмірін Ресей арқылы транзитпен Еуропаға жіберуді уағдаластық. Осы орайда, 500 мың тонна көмір жөнелтілмек. Атап айтқанда, осы мәселе шешімін тауып отыр», - деді С. Жұманғарин Сенатта тілшілер сауалына жауап беріп.

Бұл тұрғыда ол еліміздің көмірі Еуропаға сатылып жатқанын атап өтті.

«Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін көмір жеткілікті, сондықтан экспортты көбейту керек. Еуропаға көмірді ERG компаниясы жеткізетін болады», - деді министр.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары