+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Қазақстан көмір тұтыну бойынша әлемде 15-орында тұр

2019 жылғы 24 қаңтар 13:21
Бөлісіңіз:
Қазақстан көмір тұтыну бойынша әлемде 15-орында тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан БҰҰ саяси форумында тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша ерікті ұлттық шолуын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялар орталығының басшысы Рәпіл Жошыбаев мәлімдеді.

«Қазақстан шикі мұнай экспорты бойынша 12-орында тұр. Көмір тұтынуда - 15-орын, қазбалы отынды тұтыну жалпы энергия тұтыну көлемінің 76% құрайды. Қазбалы отынға тәуелділіктен қалалық аудандарда энергияны өндіру мен тұтыну көбейді, ол экономиканың 50% құрайды», - деді Рәпіл Жошыбаев «Қазақстандағы тұрақты қалалық инфрақұрылым: Астанадағы жасыл құрылыс көрсеткіштері» дөңгелек үстелінде.

Орталық басшысы БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша Қазақстанның ерікті шолу жасайтынын жеткізді.

«Биыл Қазақстан Нью-Йоркте өтетін БҰҰ саяси форумында тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша ерікті ұлттық шолуын ұсынады. Біздің бастамаларды жүзеге асыру тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Яғни, таза су, қолжетімді энергия, инновациялық инфрақұрылым, тұрақты қалалар мен елдімекендер көбейеді», - деді Рәпіл Жошыбаев.
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT