Қазақстан командасы Сурдлимпиададан 13-орын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындары мәресіне жетті. Бұл туралы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен жазғы Сурдлимпиада ойындары аяқталды. 1-15 мамыр аралығында өткен жарыста әлемнің 73 елінен 2500-ге жуық спортшысы өнер көрсетіп, бақ сынады.

Байрақты бәсекеде Қазақстан спортшылары 28 медальға қол жеткізді. Оның ішінде 3-еуі алтын, 7-еуі күміс және 18-і қола», - деді ведомстводан.

Орталықтың жазуына қарағанда, Қазақстан бұл нәтижемен жалпы медальдық есепте 13-орынға орналасты. Тізімнің топ басында 137 медальмен Украина тұр. Екінші орынды 54 медальмен АҚШ еншіледі. Үздік үштікті 40 медальмен Иран спортшылары түйіндеді.

«Еліміздің спортшылары Бразилиядан 19 мамыр күні сағат 3.25-те Алматы қаласына ұшып келеді», - деп мәлімдеді ведомство.


Соңғы жаңалықтар