+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Қазақстан командасы халықаралық математикалық Олимпиадада жүлделі болды

2020 жылғы 28 қыркүйек 12:23
Бөлісіңіз:
Қазақстан командасы халықаралық математикалық Олимпиадада жүлделі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан құрама командасы 61-ші Халықаралық математикалық Олимпиадада (International Mathematical Olympiad) үш күміс және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда нұротандықтар студенттер жатақханаларының жағдайымен танысты Қашықтан оқыту: Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жаңа жоба қолға алынды Эразмус+ және Темпус жобалары біздің білім беру жүйемізді өзгертті – Шайзада Тасболатова

IMO 2020 жарысына әлемнің 100-ден астам елінен жоғары сынып оқушылары қатысты. Қазақстандық команданың құрамында 6 адам болды.

«Олимпиада прокторинг жүйесі арқылы өтті. Жарыс бүгін ресми түрде аяқталады. Қазақстанның командалық нәтижелері өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарды. Алтын медаль жеңіп алуға бір ғана ұпай жетпеді. Негізінен біздің балаларымыз өте мықты. Әр бала өз алдына қойған мақсатына жете алады. Осы ретте балаларға қолдау көрсету маңызды. Ата-аналар мен педагогтерге бірлескен еңбегі үшін алғыс айтамын», – деді құрама команданың тәлімгері Қанат Сатылханов.

Ел намысын қорғаған команда құрамына Таир Сатубалдин (Алматы), Тамирлан Бектемісов (Алматы), Нұртас Шынтас (Алматы), Юрий Тен (Алматы ), Данат Дүйсенбеков (Нұр-Сұлтан ) және Фетуллах Сам (Нұр-Сұлтан) кірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT