+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қазақстан қоғамының құрылымы түбегейлі өзгерді - Сенат Төрағасы

2021 жылғы 15 қазан 10:56
Бөлісіңіз:
Қазақстан қоғамының құрылымы түбегейлі өзгерді - Сенат Төрағасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан қоғамының құрылымы түбегейлі өзгерді. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенатта рақымшылық туралы заң жобасы қаралады Елордада «Елдіктің жеті тұғыры» талқыланды Оқушылар арасында Ұлттық турнир өтіп жатыр

«Өткен 30 жылдың ішінде Қазақстан көптеген салада зор табыстарға қол жеткізді. Мемлекеттілігімізді құру мен нығайту үшін өте көп дүние жасалды. Бүгінде осы жылдардың ішінде Қазақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасты деп толықтай сеніммен айта аламыз», - деді Сенат спикері Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресінде.

Оның айтуынша мемлекеттік басқару жүйесінде, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда да байыпты өзгерістер болады.

«Өзінің тұрақтылығы мен тиімділігін көрсеткен сыртқы және ішкі саясат моделі қалыптасты. Бұған қоса, қоғамның өзінде де сапалы трансформация орын алды. Реформалар парадигмалы әлеуметтік өзгерістерге сеп болды. Қазақстан қоғамының құрылымы түбегейлі өзгерді», - деді Мәулен Әшімбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT