Қазақстан климаттың өзгеруімен күреске блокчейн қолданбақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан климаттың өзгеруімен күреске блокчейнді қолдану мүмкіншілігін зерделеп жатыр. Бұл туралы бүгін Global Challenges Summit 2018 форумы аясында өткен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының тұсаукесер шарасында Қазақстан Экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрайымы Әлия Назарбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қолға алған фокус Давоста өткен соңғы Дүниежүзілік экономикалық форум векторларын сәйкестендіретін экономикалық, экологиялық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзара байланысын паш етеді. Мәселен, испандық ғалымдардың Еуропаның 119 қаласында жүргізген зерттеулері табиғатты қорғау шаралары тиімді жүргізілген жерлерде ЖІӨ өсімі жан басына шаққанда 20 пайызды құрағандығын көрсетті», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл факторды ескеру бірнеше тақырыптық бағытты қамтитын ұлттық көрсеткіштерге қол жеткізуге септігін тигізеді. Атап айтқанда,  Париж келісімі ережелеріне негіз болған нормативтік-құқықтық базаларға, бағдарламалық құжаттарға және институттық шараларға сай келетін  аталған әзірлеме ЭЫДҰ елдерінің «жасыл өсім» көрсеткіштерін енгізу процесіне серпін береді.

«Біздің қызметімізде табиғатты қорғау шараларына мониторинг жасауға, экологиялық ахуалды өлшеу және бағалауға айрықша маңыз беріледі. Бұған қоса, біз цифрландыру, климаттың өзгеруімен күресу үшін блокчейн-технологияларын пайдалану мәселелеріне назар аударамыз»,- деді Әлия Назарбаева.

Соңғы жаңалықтар