Қазақстан киберқауіпсіздік рейтингінде 42 позицияға көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Қазақстан 2018/2019 Киберқауіпсіздіктің жаһандық индексінде былтырғы рейтингпен салыстырғанда (82-орын) 42-тармаққа көтеріліп, 40-орынды иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық электробайланыс одағының (ITU) есебіне сәйкес, мемлекет киберкеңістіктен шығатын, қауіптерге қарсы тұру дайындық деңгейі жоғары мемлекеттер тізіміне кірді.

Рейтингтің бірінші және екінші позициясына сәйкесінше Ұлыбритания (1) және АҚШ (2), ең соңғы - Мальдив (175) орналасты.

ҚР ЦДҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дмитрий Голобурданың сөзінше, «киберқауіпсіздіктің индексінде ел позициясының жақсаруына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнестің біріккен жұмысы әсер етті. Соңғы бірнеше жылда ақпараттық қауіпсіздік саласының кең дамуының іргетасы қаланды деуге болады».

Атап айтқанда, соңғы екі жылда Қазақстанда елдің киберқауіпсіздік саласын дамыту бойынша базалық тұжырымдамалық тәсілдер әзірленді, бірқатар заңнамалық актілер, «Қазақстанның Киберқалқаны» Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы, көптеген салалық бұйрықтар әзірленді және бекітілді. Бұдан басқа, зиянды кодты зерттеу бойынша, АҚ салындағы сынақ зертханалары құрылды, ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы іске қосылды, аталған мамандық бойынша гранттар саны артты және басқа да шаралар.

Халықаралық электробайланыс одағы (ITU) киберқауіпсіздік индексін анықтау бойынша зерттеуді жыл сайын өткізетін атап өтеміз. Зерттеу мемлекеттердің киберқауіпсіздік деңгейін бес негізгі өлшемшарттар бойынша бағалайды: заңнамалық база, техникалық және ұйымдастыру іс-шаралары, халықаралық аренадағы қызмет және саланы дамыту әлеуетін құру.

Соңғы жаңалықтар