Қазақстан КХДР ядролық сынақтарын қатаң айыптайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Корей Халықтық-Демократиялық Республикасының ядролық сынақ өткізуіне байланысты ресми мәлімдеме жасады.

2016 жылы 9 қыркүйекте Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салатын шарттың тексеруге арналған Халықаралық мониторинг жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының барлық сейсмикалық стансаялары эпицентрі Корей Халықтық Демократиялық Республикасының Пунгери полигонына (бұл полигонда 2006, 2009, 2013 жылы және 2016 жылдың қаңтар айында  ядролық сынақтар жүргізілген) жақын болған сейсмикалық оқиғаны тіркеді. Мәліметтер сараптамасы ядролық қарудың сынақтан өткенін растады, деп атап өтті ҚР СІМ.
«Қазақстан КХДР әрекеттерін қатаң айыптайды және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қолданыстағы қарарларына мүлдем қайшы екенін мәлімдейді, - делінген Қазақстанның сыртқыс саясат ведомствасының мәлімдемесінде. - Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ ) XIV бабы бойынша 9 конференциясына Жапониямен бірге тең төраға және Баллистикалық зымырандардың таратылуына қарсы халықаралық Гаага тәртіп кодексінің төрағасы болып табылатын Қазақстан КХДР жауапсыз әрекеттері ядролық қарусыздандыру процесіне кері әсер тигізеді және аймақтық, жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіреді, ядросыз болашақты қамтамасыз ету үшін әлемдегі елдердің басым көпшілігі салған күш-жігерге нұқсан келтіреді деп санайды.  
«Ядролық қарудың бүкіл нәубетін сезінген Қазақстан, өз еркімен ядролық арсеналдарды ие болудан бас тартқан ел ретінде, БҰҰ Бас Ассамблеясында 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні ретінде жариялау туралы қаулыны қабылдаған мемлекет ретінде, әлемде ядролық сынақтардың толық тыйым салуды құптайды, сонымен қатар ҚХДР-ды ядролық амбициясынан бас тартуға және жедел түрде Қытай, Ресей , АҚШ, Корея Республикасы және Жапонияның қатысуымен алты жақты форматтағы ядролық мәселе бойынша келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырады.
Жаһандық қауіпсіздіктің кепілі әлемді ядролық қарудан азат ету арқылы қол жеткізіледі. Бұған біздің еліміз бен 21-ші ғасырда адамзатты ядролық қарусыз қоғам құруға шақырған Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүйелі үндеп келеді».

Соңғы жаңалықтар