Қазақстан кейбір көрсеткіштер бойынша әлемнің дамыған отыз елінің құрамында тұр - Йоханнес Линн

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қазірдің өзінде кейбір көрсеткіштер бойынша әлемнің дамыған отыз елінің құрамында тұр.

Бүгін Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы отырысы аясындағы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде дамушы рыноктар форумының аға зерттеушісі, Дүниежүзілік банктің бұрынғы өңірлік вице-президенті Йоханнес Линн осылай мәлім етті.

Сөз арасында Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясына тоқтала келе, сарапшы оның негізгі діттегені әлемнің барынша дамыған отыз елінің қатарына ену екендігін атап өтті.

«Әлбетте, басты идея солай, дегенмен Қазақстан Президентінің нақты сөздеріне назар аударсақ, біз озық отыз елдің қатарына қосылумен мақсаттың шектеліп қалмайтынын аңғарамыз. Президент қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың маңыздылығын, әлеуметтік институттарды дамыту мәселесін, қоршаған орта мен «жасыл» даму туралы айтты. Егер, қазіргі күні халықаралық өсімге, индекстер мен көрсеткіштерге, сосын Қазақстанның жағдайына қарасақ, онда алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін елдегі өмір сапасын қаншалықты деңгейде жақсарту керек? Бұл жерде әңгіме жан басына тиетін табыста ғана болып отырған жоқ. Сондықтан да, біз Қазақстанның қазірдің өзінде бірқатар көрсеткіштер бойынша озық 30 елдің қатарында тұр деген пікірге келеміз», -деді Й.Линн.

Соңғы жаңалықтар