Қазақстан кедені толығымен электронды декларациялауға көшеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, жаңа Кеден кодексінің қолданыстағы кедендік заңнамадан басты айырмашылығы - бизнес процестердің автоматтандырылуы және электронды декларациялау басымдығының енгізілуі.

«Бұл ретте қандай да бір растайтын құжаттарды тіркеудің қажеті жоқ. Барлық қажетті мағлұматтар декларацияда көрсетілген. Қағаз жүзіндегі декларация техникалық ақау секілді жекелеген жағдайларда ғана іске асырылады», - деді ол.

Сонымен бірге, Т.Сүлейменов заңнама жобасына «бірыңғай терезе» механизмін қолдану мүмкіндігі енгізілгенін атап өтті. Бұдан былай, кедендік органдар ақпараттық өзара әрекеттестік аясындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алуға болатын құжаттарды декларанттан сұрамайтын болады.

«Бұл екі қағиданы жүзеге асыру тауарларды автоматты түрде шығаруға мүмкіндік береді. Яғни, кедендік органдардың ақпараттық жүйесі ықтимал құқықбұзушылықтар болмаса, лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз-ақ декларация шығара алады. Жалпы алғанда, көрсетілген нормалар декларациялау процесін айтарлықтай жеңілдетеді және сыбайлас жемқорлықтан келетін қауіп-қатерлерді азайтады», - деді Т.Сүлейменов.

ҚР Кедендік кодексі сегіз бөлімнен құралған: жалпы ережелер, кедендік төлемдер, кедендік операциялар, кедендік рәсімдер, тауарлардың жекелеген санаттарының тасымалдану ерекшеліктері, кедендік бақылау, кедендік іс саласында қызмет ететін тұлғалар, қорытынды және өтпелі ережелер.

Соңғы жаңалықтар