Қазақстан кеден шаралары үшін Қырғызстанға 7,5 млн доллар транш бөледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы сынақ зертханаларының кедендік инфрақұрылымы мен жаңғырту нысандарын техникалық жабдықтау мен орналастыру үшін 7,5 млн доллар көлемінде алғашқы траншын бөледі. Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің сайтында хабарланған.

«2016 жылдың 26 желтоқсан күні Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы мен Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы келіссөздер нәтижесінде Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы Қырғызстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Келісімге және Қырғызстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы көмек көрсету мен оны қолданудағы бақылау және қаржылық-техникалық жәрдемдесу туралы Хаттамаға қол қойылды», - делінген хабарламада.

Келісім мен Хаттамада сынақ зертханаларының кедендік инфрақұрылымы мен жаңғырту нысандарын техникалық жабдықтау мен орналастыру үшін Қырғызстан Республикасының ЕАЭО-ға қосылуы бойынша Жол картасының іс-шарасын қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасы тарапынан 100 млн АҚШ доллары көлемінде техникалық көмек көрсету қарастырылған.

Келісімге сәйкес, көмек кезең-кезеңімен көрсетіледі. Бірінші кезеңде Қырғыз Республикасына 7,5 млн доллар бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар