Қазақстан «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмін Оскар сыйлығына ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Рүстем Әбдірашев түсірген «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі Америка киноакдемиясының «Оскар» сыйлығына «Шет тілдегі ең үздік фильм» номинациясына ұсынылды.

«92-Оскар сыйлығы Лос Анджелесте 2020 жылдың 9 ақпанында табысталады», деп жазады Hollywood Reporter.

Автор Рүстем Әбдірашев түсірген фильм орта ғасырлардағы қазақ хандығының тарихын баяндайтын эпикалық сериалдың екінші бөлігі екенін жазады.

«Бұл фильм екі жыл бұрынғы «Алмас қылыш» картинасының жалғасы. Мұнда Шайбани мемлекетінің патшасы Әбілқайырдың өлімі, Сығанақтың қазақ хандығына қарауы, Керей ханның өлімі, таққа Жәнібек сұлтанның келуі секілді оқиғалар баяндалады. Фильм бойынша он сериялы телесериал да әзірленген», деп жазады автор.

Ол «Алтын тақ» фильмін Қазақфильм мен Р.Әбдірашев, CentauRus Productions қаржыландырғанын, ал халықаралық сатылымды Лондонның Amadeus Entertainment компаниясы жүзеге асыратынын айтады.

«Қазақстан Оскарға алғаш рет 1992 жылы фильм ұсынды және 2006 жылдан бері оған жыл сайын қатысып келеді. Содан бері Қазақстан үш номинация алған, соның ішінде 2018 жылғы «Айка» фильмі де бар», деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар