Қазақстан қай елдерде сауда өкілдігін ашады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан биылдан бастап 10 елде сауда өкілдігін ашуды жоспарлап отыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысының атап өтуінше, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, сыртқы нарықтарда сауда өкілдіктерін ашу ең алдымен шетелдегі Қазақстанның экономикалық мүдделерін ілгерілетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, қазақстандық бизнестің тауарын жеткізген елдегі мүддесін қорғайды және сол елде тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Үшіншіден, жергілікті деңгейде отандық шикізаттық емес (өңделмеген) тауарлар мен қызметтердің имиджін көтеру мақсатында көрмелер, жарнамалық таныстырылым шараларын, семинарлар өткізуге жәрдем береді. Төртіншіден, орналасқан мемлекеттің сауда саясаты шараларын жинауға және сараптауға, қазақстандық тауарлар мен қызметтер экспортын кеңейту әрі әртараптандыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге, тауарлар мен қызметтердың әлеуетті сұранысын зерделеуге мүмкіндік болады.

«Осыған орай ұлттық экспорттық стратегияға сәйкес 2019 жылдан Қазақстанның 10 сауда өкілдігін ашу жоспарланған: Ресей (Қазан, Мәскеу, Екатеринбург), Өзбекстан Республикасы (Ташкент), Қытай Халық Республикасы(Үрімжі, Бейжің), Біріккен Араб Әмірліктері (Рас-эль-Хайма), Қырғыз Республикасы (Бішкек), Әзербайжан Республикасы (Баку), Беларусь Республикасы (Минск)», - деп атап өтеді Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар