Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға ең алғашқылардың бірі болып кірісті - Елбасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Egemen Qazaqstan газетінде жариялаған мақаласында осылай деп мәлім етті.

«Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілді. Өзге елдерде вирус қалай пайда болып, пандемия қалай өрбіп, өршігені бақы¬ланды. Соның нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол бе¬ріл¬мей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр. Жағдайды оңалту үшін көп жұмыс істелді, әлі де талай шаруа атқарылатын болады. Игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне жер-жерлерде бүкіл халық болып қолдау көрсеткеніміз жөн», деп атап өтті Елбасы мақаласында.

Еске сала кетейік, бүгін Елбасы Қазақстан халқына үндеу жолдады. Мақаланың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.


Соңғы жаңалықтар