Қазақстан қауіпсіздіктің сенімді деңгейі бар елдердің қатарына кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан қауіпсіздіктің сенімді деңгейі бар елдердің қатарына кірді. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция қызметін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. азаматтың қауіпсіздік деңгейі мен халықтың сенім негізгі өлшемшарты ретінде айқындалды. Бұл үшін тәуелсіз институттар тарапынан әлеуеттік зерттеулер жүргізіледі», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның атап өтуінше, осы жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген зерттеулердің нәтижесі азаматтардың 38,7 пайызы полицияға толықтай сенетінін, ал 38,1 пайызы жартылай сенетіндігін көрсеткен.

«Бұл мәліметтер Жаһандық бейбітшілдік индекспен де сәйкес келеді. 2021 жылы Қазақстан қауіпсіздіксіздің барынша сенімді деңгейі бар елдердің қатарына кірді. Әлемнің 163 елінің ішінде 67-орынға тұрақтады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар