Қазақстан қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында әскери емес әдістерге басымдық береді

None
None
анның 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жаңа мақсаттарды шешу бойынша әскери емес әдістерге басымдық береді.

 Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: қатерлер мен мүмкіндіктер» халықаралық конференциясында «Әскери саяси зерттеулер орталығы» АҚ-ның президенті Сергей Федосеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы орайда ол еліміз бірінші кезекте дипломатиялық, экономикалық, гуманитарлық, ақпараттық насихаттау бағыттарын басым бағыттар ретінде белгілеп отырғанын айтып өтті.

«Біздің ел әріптестік пен ынтымақтастық, халықаралық ұйымдармен өзара диалог тетігін кеңінен пайдаланады. Атап айтқанда, Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығын үлкен маңыздылыққа балап отыр. Біздің ортақ мақсатымыз қатерлердің алдын алу тұрғысында ЕҚЫҰ-ны күшті әрі тиімді ұйымға айналдыру. Сондықтан осы ұйым келіссөз алаңында маңызды рөл атқарып, ұжымдық шешімдер қабылдауда, қақтығыстарды реттеуде қауқарлы екеніне сенімдіміз», деді С. Федосеев.

«Қазақстан  ашықтық ұстанымына бағытталуда» Әсіресе Қарулы күштер саласында. Оның көрсеткіштерінің бірі ретінде Қорғаныс министрлігінің «Ақ кітапты» шығару жоспары бар.  Онда Қарулы күштердің жалпы құрылымы, оның құрылуының тарихы, соңғы уақыттағы даму үдерісі туралы баяндалады», деді аталған орталықтың президенті.

Оның айтуынша, «Ақ кітапта» әскери, әскери техникалық ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. «Бұл құжат біздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық алдында өте маңызды», деді С. Федосеев.

Соңғы жаңалықтар