Қазақстан қатпарлы газ өндіру жобасын әзірлемек - К. Мәсімов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қатпарлы газ өндіру бойынша жобаны әзірлемек. Бұл туралы бүгін Астанадағы Энергетикалық хартия конференциясының 25

сессиясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті. "Біз үшін бұл ұйымға төрағалық ету үлкен мәртебе. Энергетикалық нарықта басқаруда, осы нарықта байланыстарды орнатуда Энергетикалық хартия үлкен рөл атқарады".

Бүгінгі жиынның тақырыбы транзиттік дәліздерді дамытуға арналғанына тоқталған К. Мәсімов, теңізге шығар жолы жоқ әрі Еуразияның ортасында орналасқан мемлекеттер бұл тақырыпты басымдықты бағыт ретінде қарастыратындығын атап өтті.

Үкімет басшысының пайымынша, алдағы жылдары елімізде энергия ресурстарын өндіру артатын болады.

«Біз энергия ресурстары бағытында 10 негізгі өндірушілердің қатарына енуге ниеттіміз, оның ішінде табиғи газды өндіру де қамтылады. Сонымен қатар қатпарлы газ (сланцевый газ) өндіру бойынша жобаны әзірлемекпіз»,-деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысы энергетикалық салада Қазақстанда ауқымды жобаларды жүзеге асыру арқылы кадрлар мәселесі шешіліп, тұрақты дамуға жағдай жасалғандығын атап өтті.

Премьер-Министр Үкіметтің рөлі көрсеткіштердің артуын қамтамасыз етумен қатар, елдегі бар ресурстарды тиімді пайдалануға негізделгеніне баса тоқталды.

Соңғы жаңалықтар