Қазақстан каскадерлері Голивудтың «Киллер кодексі» фильміне түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның «Nomad Stunts» каскадерлері танымал америкалық актер Сэмюэл Л.Джексонмен бірге «Киллер кодексі» фильміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Голивудтың «Киллер кодексі» фильмі әлемдік прокатқа шыққан болатын. Онда басты рөлдерді Сэмюэл Лерой Джексон, Мэгги Кью және Майкл Китон ойнайды. Сонымен қатар фильмді түсіру жұмысына «Nomad Stunts» тобындағы қазақстандық каскадерлер де жұмылдырылған.

«Жобаға жалпы «Nomad Stunts» тобының 10 каскадері қатысты. Айта кетерлігі, каскадерлер экшнге ғана жұмылдырылмай, қиын эпизодтарда басты кейіпкерлер рөлін сомдады. Сонымен қатар эпизодтық сахналарға актер ретінде де қатысты», - деп жазды «Nomad Stunts» тобы Instagram-дағы парақшасында.

Қазақстандық актерлер бандиттердің, босқындар мен оққағарлардың, шекарашылар мен бейбіт тұрғындардың рөлінде ойнады.

Туынды режиссері «Рояль казиносы», «Зорра маскасы», «Жатжұрттық» сынды фильмдермен жұмыс істеген мартин Кэмпбелл болды. Түсірілім жұмыстары Румынияда өтті.


Соңғы жаңалықтар