Қазақстан кәсіпорындарында өндірістік экологиялық мониторинг автоматтандырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан кәсіпорындарында өндірістік экологиялық мониторинг автоматтандырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зұлфыһар Жолдасов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Тағы бір прогрессивті тетік мониторингтің автоматтандырылған жүйесі болмақ. Біз бірінші санаттағы нысандар үшін өкілетті органдарға мәліметтерді беру арқылы өндірістік экологиялық мониторингті міндетті түрде автоматтандырмақпыз. Яғни, барлық ірі кәсіпорындарда енгізіледі", деді комитет өкілі "Экологиялық заңнаманы реформалау - қазіргі ахуалы мен болашағы" тақырыбындағы пікірталас алаңында.

Осы орайда ол кәсіпорындарға өтпелі кезең мүмкіншілігі берілетінін айтты.

"Біз автоматтандыруды талап ететін боламыз. Әрине, ол үшін өтпелі кезең енгізіледі. Содан кейін бұл ақпараттарды өздерінде шоғырландыруды және одан ары қалай әрекет ету жөніндегі қорытынды шығаруды талап етеміз. Қазірдің өзінде бірқатар кәсіпорын, оның ішінде ірі метталургиялық компания "Арселор Миттал" ілкі жоба ретінде белгілі бір табиғи көздерді автоматтандыруға көшіріп жатыр", - Зұлфыһар Жолдасов.

Айта кетейік, "Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы" бірлестігі ұйымдастырған шарада жаңа Экологиялық кодекс жобасы талқыланды.

Соңғы жаңалықтар