Қазақстан кәсіпқой бокстағы титулдар саны бойынша алғашқы бестікке енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) жеңіл салмақтағы WBA Super және IBO белбеуін жеңіп алып, еліміздің кәсіпқой бокстағы титулдар саны бойынша алғашқы бестікке кіруіне атсалысты, деп хабарлайды Sports.kz .

Енді қазақстандықтардың қоржынында төрт белбеу: үшеуі (WBA Super, WBC және IBF) Геннадий Головкинде (36-0, 33 КО) және біреуі (WBA Super) Жақияновта бар. Одан бөлек, екі боксшы да IBO титулын иемденген. Алайда, салыстырмалы түрде оның беделі төмен болып есептелінеді.

Қазақстан чемпиондық титулдар саны бойынша бесінші орынды Филиппинмен бөліседі. Бірінші орынды АҚШ (12) алса, кейінгі орындарда Ұлыбритания (9), Жапония (8) және Мексика (7) тұр.

Сонымен қатар, Головкинге келіп қосылған Жақиянов әлемнің қазіргі чемпиондары бойынша елдер тізіміндегі Қазақстан позициясының жоғарылауына септігін тигізді. Қазақстан алтыншы орынды Ресей, Куба, Таиланд және Украина елдерімен бөліседі.  Қазіргі чемпиондары ең көп ел АҚШ (12) болып саналады. Кейін Ұлыбритания (9), Жапония (8), Мексика (7) және Филиппин (4) тұр. 

Соңғы жаңалықтар