Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының басшылығына Қайрат Рейімов келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қайрат Рейімов Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейімов Қайрат Ниетбайұлын «Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының» уақытша президенті етіп сайлау туралы шешім 13 бүгін Алматы қаласында «Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы» атқару комитетінің ашық отырысында қабылданды.

Отырыста «Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы» президентінің міндетін атқарушы қызметіне кәсіпкер Реймовтің кандидатурасын Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының құрметті президенті - Серік Қонақбаев ұсынды. Кәсіптік бокс федерациясының атқару комитетінің мүшелері бірауыздан дауыс берді.

Қайрат Рейімов кәсіпқой бокс федерациясын дамытудың жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Атап айтқанда, ол федерацияның атқару комитетінің құрамын кеңейтіп, Атқару комитетінің жұмысын жандандырмақ. Сондай-ақ, үздіксіз құқықтық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етіп, кәсіби боксшылардың денсаулығы мен өмірін Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде жүйелі түрде қадағалау мәселесін назарға алмақ.


Соңғы жаңалықтар