Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы Фируза Шәріпованың мүмкіндігін бағалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Фируза Шәріпованың мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Виктор Демьяненко боксшы Фирузаның биыл Кэти Тейлормен кездесе алатындығын айтты. Бұл туралы бұған дейін боксшының менеджері Сергей Завилейский мәлімдеген болатын. Менеджер 2019-2020 жылдары Шәріпова Кэти Тейлормен жұдырықтасатыны туралы келісім жасалғанын жеткізді.
Ал, Виктор Демьяненко аталмыш кездесу биыл өтуі керек деп санайды.
«Фируза алдағы айқасқа дайын. Ол нағыз бабында болған кезде жекпе-жек өтуі тиіс. Сонымен қатар, Кэти Тейлор 2 жылда мансабын жалғастыра ма, тоқтата ма ол жағы әзір белгісіз. Фирузаның бабы келісіп тұр. Оны мейлінше мықты қарсыластармен кездестіру керек. Тейлор - Шәріпованың лайықты қарсыласы», - деді В. Демьяненко.
Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Фирузаның алдында әлі талай мықтылар кездесетініне сенімді.
«Өткен жекпе-жекке қарағанда біздің қыз өз салмағындағыларды еңсере алатынына сенім мол. Оған мықты көшбасшылармен шыққан дұрыс. Наталья Рогозинаға кіл мықтылармен шығасың деп уәде беріп келгендей, біздің Фируза да отырып қалмаса екен дейміз», - деді В.Демьяненко.
Айта кету керек, Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова Алматыда өткен бокс кешінде бельгиялық Джемилла Гонтарюкты жеңген болатын.
IBO Championship және WBC Silver чемпионы Фируза Шәріпова әлемдік рейтингтегі №2 спортшы ІBF версиясы бойынша әлем чемпионы Франциялық Майва Хамадушпен шығуы ықтимал. Жекпе-жек Монакода өтетін болды.

Соңғы жаңалықтар