+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қазақстан Қарулы Күштерінде мерзімді қызмет әскери қызметшілерін запасқа шығару аяқталды

2021 жылғы 31 шілде 18:58
Бөлісіңіз:
Қазақстан Қарулы Күштерінде мерзімді қызмет әскери қызметшілерін запасқа шығару аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы жылғы 14 маусым мен 31 шілде кезеңінде белгіленген мерзімді өткерген мерзімді қызмет әскери қызметшілері запасқа шығарылды.

Ұқсас жаңалықтар
ҰҚШҰ отырысында өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды Қазақстандық әскерилер «Бейбіт миссия» оқу-жаттығуына қатысады

Бір жарым ай ішінде Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінен кезең-кезеңімен 6 500-ден астам сарбаз үйіне қайтып оралды.

«Біз әрбір сарбазымызды мақтан тұтамыз. Кешегі ұяң бозбала жыл бойы өткен қарқынды жауынгерлік даярлықта, теориялық және практикалық сабақтарда нағыз ер жігіт, өз елінің қорғаушысы болып шыңдалып шығады. Осы уақыт ішінде олар тәжірибе жинақтап, кәсіби дағдыға ие болады, жаңа мамандықты меңгереді», – деп атап өтті Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мереке Күшікбаев.

Оның айтуынша, сарбаздар келісімшарт бойынша қызметін жалғастыру үшін әскери бөлімге қайтып оралса немесе әскери оқу орнына оқуға түссе, командирлер үшін бұл үлкен мақтаныш сезімін тудырады.

«Олар армияда тұрақты жалақы, кепілді тұрғын үй алумен қатар, лайықты медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі және басқа да жеңілдіктерге ие болады, яғни болашағына деген сенімі зор болады», – деді қолбасшы.

Санитариялық-эпидемиологиялық және карантиндік шектеулерге байланысты шығарып салу салтанаты өткізілген жоқ, ата-аналары мен туысқандары шақырылған жоқ, әйтсе де дәстүрлі әскери жоралғылар ұйымдастырылып өткізілді. Мерзімді қызмет әскери қызметшілері әскери бөлімнің жауынгерлік туымен қоштасып, әскери оркестрдің әуенімен алаңнан салтанатты маршпен жүріп өтті.

«Отан алдындағы өз борышын абыроймен атқарған 2020 жылғы көктемде әскерге шақырылған сарбаздар атынан осы уақыт ішінде бізге әрқашан қолдау көрсетіп, қиын кезде демеу болған әскери бөлімнің қолбасшылығына, барлық офицерлері мен сержанттарына ризашылығымды білдіремін. Біз Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы бригадада қызмет өткергенімізді мақтан тұтамыз. Запасқа шықсақ та біздің басты ұранымыз «Міндет! Абырой! Ерлік!» болып қала бермек», – деп запасқа шығарылған сарбаздар атынан сөз сөйлеген қатардағы жауынгер Нұрдәулет Рамазанов механикаландырылған бригада қолбасшылығына алғыс айтты.

Қызмет өткерген кезеңнен естелік ретінде сарбаздарға фотоальбомдар, ал ерекше көзге түскен әскери қызметшілердің ата-анасына алғысхат табыс етілді.

Запасқа шығарылған әскери қызметшілер үйлеріне теміржол көлігімен жіберіледі. Тұрғылықты жеріне келгеннен кейін олар әскери оқытылған резерв ретінде жергілікті әскери басқару органдарына әскери есепке қойылатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT