Қазақстан картопы тиелген вагондар Өзбекстан аумағына өткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан шекарасынан экспортқа жіберілмеген картоп тиелген вагондар Өзбекстан аумағына 28 қаңтарда өткізілді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаға сәйкес, аталған картоп өнімдері ел аумағынан жекелеген азық-түлік өнімдерін экспортқа шығаруға салынған тыйым күшіне енбей тұрып рәсімделген.

«28 қаңтардағы жағдай бойынша, шығаруға салынған тыйым күшіне енгенге дейін ресімделген картоп өнімі бар вагондардың Қазақстан Республикасы аумағынан Өзбекстан Республикасына шығарылғанын хабарлаймыз», - делінген ведомство мәліметінде.

Еске салайық,әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында және Сыртқы сауда саясаты мен халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссиясының 2021 жылғы 25 қарашадағы шешімі негізінде ҚР Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрлерінің Қазақстан Республикасы аумағынан картоп және сәбізді әкетуге 3 ай мерзіміне тыйым салуды қарастыратын бірлескен бұйрығы қабылданған болатын.


Соңғы жаңалықтар