Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатынан тағы 2 медаль жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иордания астанасы Амманда картаэден (WKF) өткен Азия чемпионатының соңғы күні қазақстандық спортшылар тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметтері бойынша, жарыстың соңғы күнінде командалық кумитэден жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Онда Қазақстанның ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды. Қыздар құрамасы финалға дейін жетіп, өкінішке қарай, шешуші сында жапон қыздарына ұтылып, күміс жүлдеге ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жекелеген сында Қазақстан құрамасының каратэшілері 3 қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар