Қазақстан қалаларында пәтер бағасы бір жылда 41% дейін қымбаттаған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағасы 13%, жаңа тұрғын үйді сату құны 14% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады.

Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің көш басында Семей (41%), Қызылорда (39,9%), Ақтөбе (36,9%), Ақтау (35,4%), Қостанай (30,9%) қалалары тұр.

Ал тұрғын үйді жалға алу бойынша жоғары өсім Көкшетау (53,7%), Қостанай (51,9%), Алматы (49,6%) және Петропавл (49,3%) қалаларында тіркелді.

Баспана нарығындағы бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

1 шаршы

метрінің бағасы, теңге

2023 жылғы ақпан

Анықтама: 2023 жылғы қаңтар

2022 жылғы ақпанға

2022 жылғы желтоқсанға

2022 жылғы қаңтарға

2022 жылғы желтоқсанға

Жаңа тұрғын үйлерді сату

483 522*

14,0

1,0

14,0

0,7

Пәтерлерді қайта сату

517 278

13,0

0,8

18,7

0,3

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі

4 679

33,8

-2,4

34,3

-2,5

Бір айдың ішіндежаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2% өсті.


Соңғы жаңалықтар