Қазақстан қалаларында киноға билет қанша тұрады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық статистика бюросы Қазақстан өңірлерінде кинотеатр билеттері қанша тұратыны туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Статистика мәліметіне сүйенсек, өткен желтоқсан айында елімізде кинотеатр билетінің орташа бағасы 1860 теңгені құрады.

Ең қымбат билет Атырау қаласында – 2 683 теңге. Одан кейін Шымкент – 2637 теңге, үшінші орында Түркістан қаласы, мұнда кино билетінің орташа бағасы 2598 теңге тұрады.

Ең жоғары баға сондай-ақ Ақтөбе, Өскемен және Көкшетау қалаларында тіркелді. Онда киносеансқа 1900-2500 теңге төлеп кіруге болады.

Өзге қалаларда баға 1350-1850 теңге айналасында. Ал ең арзан билет бағасы Тараз қаласында болып шықты. Мұнда киносүйер қауым бір сеанс үшін орта есеппен 1 321 теңге төлейді.


Соңғы жаңалықтар