Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыты жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақытын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Діни басқарма келтірген деректерге сәйкес, 21 тамыз күні Астана және Алматы мешіттерінде және Қазақстанның басым бөлігінде Құрбан Айт намазы жергілікті уақытпен таңғы сағат 7-де басталады.

Сәйкесінше, Айт намазы Батыс Қазақстан облысы мен Атырауда 7:15-ке, Қызылорда мен Атырауда - 7:30-ға белгіленген. Қарағанды облысында намаз 6:00-де, Қостанай облысында - 8:00-де басталады.

Айта кетейік, Құрбан айт - Рамазан айынан соң 70 күннен кейін атап өтілетін, қажылық сапарының аяқталу мейрамы. 2018 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталады. Жағдайы бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу - уəжіп, мұсылмандық міндет.

Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Бір қошқар немесе қой бір кісі атынан шалынады. Ал қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп, құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалуға болады.Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыты төмендегідей:

1. Астана қаласы - 07:00

2. Алматы қаласы - 07:00

3. Алматы обл. - 07:00

4. Ақтөбе - 07:00

5. Ақмола - 07:00

6. Атырау - 07:30

7. Ақтау - 07:15

8. БҚО - 07:15

9. Жамбыл - 07:00

10.Қарағанды - 06:30

11.Қостанай - 08:00

12. Қызылорда - 07:30

13. Шымкент - 07:00

14. Талдықорған - 07:00

15. Павлодар - 07:00

16. ШҚО - 07:00

17. СҚО - 07:00

18. Семей - 07:00

19. Жезқазған - 07:00

20. Түркістан облысы - 07:00

Соңғы жаңалықтар