Қазақстан ішкі нарықты тауық жұмыртқасымен толық қамтамасыз етіп отыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құс жемінің қымбаттауына байланысты құс өсірушілер қиындыққа тап болып отыр. Бұл туралы Қазақстан құс өсірушілері одағының президенті Руслан Шәріпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыртқа бойынша 100 пайыз қамтамасыз етіп отырмыз, 5 млрд-тан жұмыртқа жинаймыз. Былтыр 286 мың тонна құс еті өндірілсе, биыл бұл көрсеткіш 300 мың тоннаға жетіп қалуы мүмкін», - Р. Шәріпов елордадағы ІХ халықаралық құс өсірушілер форумында тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол құс жемінің қымбаттауына байланысты құс өсірушілер қиындыққа тап болғанын айтты.

«Құс жемінің бір тоннасы 180-190 мың теңгеге жетті. Құс еті мен жұмыртқаның өзіндік құнында 70 пайызы жемнің бағасына қатысты болады. Егер құс жемі арзан болса, онда біздің өнім де нарыққа төмен бағамен шығады», - деді Р. Шәріпов.

Қазақстанның құс өсірушілері осы салаға мемлекеттік қолдау жасауды сұрап отыр.


Соңғы жаңалықтар