Қазақстан ірі саяси оқиғаларға ықпал етуге қауқарлы мемлекет - Франсуа Олланд

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда қызығушылығы мол. Бұл туралы бүгін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Француз Республикасының

Президенті Франсуа Олланд Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында мәлім етті. 2008 жылы екі ел арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылғанын еске салып өткен Франция басшысы: «Атап айтқанда, франциялық инвестициялардың Қазақстанда тұрақты өсімі байқалуда. Менімен бірге министрліктердің, парламенттің, кәсіпорындардың, университеттердің өкілдері қамтылған үлкен делегацияның келуі Францияның Орталық Азиядағы ірі экономикасы бар Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда қызығушылығы мол екендігін байқатады», - деді.

Осы орайда ол Қазақстан экономикалық әлеуетін табысты жүзеге асырғанын, сонымен қатар еліміз әлемде маңызды саяси және дипломатиялық рөлді атқарып отырғандығын, Қазақстан ірі саяси оқиғаларға ықпал етуге қауқарлы екендігін қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар