Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы бойынша «алтылықтың» келіссөздері сәтті өтуіне мүдделі

None
None
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық делдалдардың «алтылығы» келіссөздерінің сәтті өтуіне мүдделі.

Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Мюнхендегі Қауіпсіздік бойынша халықаралық конференцияда Иранның Сыртқы істер министрі Али Акбар Салехи «алтылық» келіссөздерінің келесі кезеңі 25 ақпанда Қазақстанда өткізілетіндігі жайлы мәлімдеген болатын.

«Қазақстан өз жағынан бірнеше мәрте аталған келіссөздерді қабылдауға дайын екенін жариялаған еді. Атап айтқанда, былтыр бұл мәселе тұрғысында Иранның Сыртқы істер министрін қабылдау кезінде Елбасы мәлімдеген болатын. Келіссөз үдерісіндегі барлық мүдделі тараптармен аталған мерзім мен өткізілетін жер бойынша соңғы және ресми келісімге қол жеткізілсе, біз қабылдаушы тарап ретінде еліміздің аумағында бұл келіссөздердің сәтті өтуі үшін барынша қолайлы жағдай жасау тұрғысында барлық күш-жігерімізді саламыз»,-деп түйді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар