Қазақстан Иранға 50 мың тонна астық жөнелтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстан Иранға 50 мың тонна астық жөнелтеді. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда Қытай тарапымен келіссөздер аясында қазақстандық бидайды тәулік сайын қаптарға салынған жабық вагондарда астық таситын вагондардың бір құрамынан және бидайдың бір құрамынан қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Мәселен, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Қытайдың COFCO мемлекеттік корпорациясымен 25 000 тонна көлемінде бидай жөнелтуге және ALASHANKOU JINSHAHE жеке компаниясымен 50 000 тонна көлемінде бидай жөнелтуге тиісті келісімшарттар жасасты», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Бұдан бөлек, оның дерегінше, осы жылдың соңына дейін 20-дан 50 мың тоннаға дейінгі көлемде бидай мен арпаны жөнелтуге арналған қытайлық жеке компаниялармен қосымша келісімшарттар пысықталып жатыр.

«2023 жылы Азық-түлік корпорациясы астықты Орталық Азия мен Закавказье елдеріне 80 мың тонна, Иранға 50 мың тонна жөнелтуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта аталған бағыттарда әлеуетті серіктестерді іріктеу жүзеге асырылуда», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар