Қазақстан Иран мен Мысырға астық сатып, көкөніс импорттауы мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция вицке-министрі Жанель Кушукова Қазақстан астығын Иран мен Мысырға сатудың жолын қарастырылп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз отандық өнімдердің сатылым нарығын әртараптандыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз. Қазір Иранмен, Мысырмен еркін сауда аймақтарын құру бойынша келіссөздер белсенді түрде жүруде.

Келіссөзге тартылған мамандар серіктестерден бидай, ұн, арпа экспортын бажсыз өткізудің жолдарын іздеуде. Есесіне Қазақстан бұл елдерден көкөніс пен жеміс-жидек әкеле алады. Бұл біздің нарықты қыс пен көктемде сапалы және арзан ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді вице-министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша аталған келіссөздер сәтті аяқталса, қазақстандық экспорттаушыларды 600 млн долларлық нарыққа шығарады.

«Бұл келіссөздерді биыл аяқтау жоспарланған», - деді Жанель Кушукова


Соңғы жаңалықтар