Қазақстан-иран іскерлік кеңесі екі елдің стратегиялық серіктестігін нығайтады (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранда Қазақстан мен Иранның Іскерлік кеңесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың қазан айында қазақстан мен Иран іскерлік кеңестерінің, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Иранның Сауда-Өнеркәсіп палатасының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, соның аясында ҚР ССП сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру бойынша Іскерлік кеңес отырысының ұйымдастырды.

«Егер Иранның нарығын талдайтын болсақ, бүгінде бірнеше ондаған тауарларға сұраныс бойынша Иранның экпорты 2014 жылы 6 млрд долларды, Қазақстанның аталған позициялар бойынша әлемдік экпорты - 1,9 млрд долларды, ал Қазақстанның Иранға экпорты - 498,5 млн долларды құрады.

Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпкерлердің алдында металлургия, азық-түлік және химия өнеркәсібі, машина жасау өнімдері және құрылыс материалдарын Иран нарығына жеткізудің үлкен мүмкіндігі туып отыр», - деп атап өтті Қазақстан сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы Мейірбек Мәжитов ІК қатысушыларына арнаған сөзінде.
null null null

Соңғы жаңалықтар