Қазақстан Ипотекалық Компаниясынан үй алған қазақстандықтарға келер жылдан бастап мүлік салығы төмендетіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-нан үй алған қазақстандықтарға келер жылдан бастап мүлік салығы төмендетіледі. Мұндай өзгерістер Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілді.

«Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ «Өңірлік даму бағдарламасына» сәйкес, 2020 жылға дейін әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған қазақстандықтарға жалға беріліп, кейіннен сатып алу құқығына ие болатын баспана беруде. Сатып алу құқығымен жалға алу кезінде баспана белгілі бір төлемді толық төлеп біткенше ҚИК меншігінде болатыны белгілі. Ал, ҚИК заңды тұлға болғандықтан, ҚР Салық Кодексіне сәйкес 1 баспананың құнынан 1,5% салық төлейді. «Жалға беру бағдарламасына әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылар қамтылатынын ескере келе, биыл Салық Кодексіне бірқатар өзгеріс енгізілді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жалға үй алған жеке тұлғалар заңды емес, жеке тұлға ретінде салық төлейтін болады. Яғни, егер аймақта ауданы 42 шаршы метр болатын 1 бөлмелі үйдің құны 6,3 млн теңге болса, оған заңды тұлға ретінде 1 жылда төленетін салық 95 000 теңге болатын, ал жеке тұлға ретінде жылына 5 мың теңге төленеді. Бұл өзгерістер тек қана ҚИК клиенттеріне ғана қатысты», - деді компанияның баспасөз қызметінен. Мамандардың айтуынша, бұл жалға алушылардың қаржылық қиындығын жеңілдете түспек.

Соңғы жаңалықтар