Қазақстан Ипотекалық компаниясы 2014 жылы 1 млрд. теңге көлемінде таза табыс табуды жоспарлап отыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ 2014 жылды 1 млрд. көлемінде таза табыспен қорытындылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясы барысында басқарма төрағасы Азамат Ибадуллаев мәлімдеді.

«Биыл біз 1 млрд. теңге табуды көздеп отырмыз. Оның негізгі құрамы берілген қарыздардың сыйақылары болып отыр. Біздің компанияның сенімділігі мен тұрақтылығын рейтингіміз көрсетіп отыр. Ұзақ мерзімді рейтингтегі болжамымыз тұрақты», - деді А. Ибадуллаев.

Жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласында бірінші нысан пайдалануға тапсырылды. Бағдарлама бойынша жалпы алаңы шамамен 155 мың шаршы м. болатын тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары еліміздің 8 өңірінде жалғастырылуда. Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы аясында Казақстан Ипотекалық компаниясының жалпы тұрғын үй қоры 1,4 млн. шаршы м. асатын болады, ол 29 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады.

Мемлекеттік бағдарлама талаптарына кірмейтін халық санатын қолдау мақсатында ҚИК өзінің меншікті жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын іске қосты.

«Жеке бағдарламалар жергілікті атқару органдарымен біріге отырып жүзеге асырылады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының агломерацияларында қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Ақтөбені қосу ойда бар. «Нұрлы жол» бағдарламасында баспана алуға кезекті азайту мәселесі көтерілген болатын. Осы бағытқа басымдық бермекпіз. Төлем қабілеті төмен адамдар бар. Мәселен, мемлекеттік қызметкерлер. Олардың кезегін азайтуға күш саламыз», - деді ол.

2014 жылдың ішінде Қазақстан Ипотекалық Компаниясымен жалпы сомасы 12,5 млрд. теңгеге 1 726 ипотекалық қарыз бойынша талап құқықтары сатып алынды. Компанияның ссудалық қоржыны 87,3 млрд. теңге болатын 24 мың қарыздан құралып отыр.

Соңғы жаңалықтар