Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.36 EUR 431.30
RUB 5.45 CNY 53.80
Жаңалықтар

«Қазақстан инжинирингтің» акциялары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне өтеді

2018 жылғы 13 шілде 20:13 765
Бөлісіңіз:
«Қазақстан инжинирингтің» акциялары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның акциялары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-дан Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілетін болды. Бұл туралы «Әділет» ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның алтын-валюталық қорында алтынның үлесі артты Бақыт Сұлтанов қаржы министрі қызметіне келетін адамға кеңес берді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылдың 3 шілдесіндегі ««Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тиесілі «Қазақстан инжинирингтің» жалпы саны 21 476 802 дана болатын 100 пайыз акциясы өтеусіз беру жолымен сыйға тарту келісімі негізінде мемлекеттік меншікке иеліктен шығарылады.

Қаулы негізінде ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне заңнамада көрсетілген мерзім ішінде компания акцияларын Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне тапсыру құқығын, мемлекеттік пакетті пайдалануды қамтамасыз ету өкімі беріледі.

Дәл осы Қаулы бойынша Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен олардың ведомстволарының басқаруындағы ұйымдардың тізімін келесі подпункттермен толықтырылады 3) келесі мазмұны: «3) ««Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (Kazakhstan Engineering)».

 


Бөлісіңіз:

Аударма:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат